14/08/2020  Жұма

Ауа райы

№1 БЖСМ

Директордың өмірбаяны

Уахит Мерғалиұлы Муритов 1964 жылы 18 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл поселкесінде өмірге келді. Еңбек жолын 1983 жылдан 1986 жылға дейін Комсомол орта мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі ретінде бастады.

1989 жылы Павлодар педагогикалық институтын физика және математика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

2001 жылдан бастап Екібастұз қаласының №1 БЖСМ волейбол жаттықтырушы ретінде жұмысын жалғастырды. 2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін аяқтап, "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

2002 жылдан 2003 жылға дейін Екібастұз қаласының мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК директоры болып қызмет атқарады. Педагогикалық еңбек өтілі 30 жылдам астам.

2005 жылы Екібастұз қаласы Білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.

2007, 2008 жылдары - Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2009 жылы Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және алтын белгісімен марапатталды.

2011 жылы Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2016 жылы Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2018 жылы «Екібастұз қаласына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасымен марапатталды.

Уахит Мерғалиұлының басшы ретінде ерекшелігі қызметкерлеріне деген әділ көзқарасы,ол мектеп жұмыскерлерінің мәселелерін түсінеді және тиімді шеше алады. Қызметкерлермен қарым–қатынаста, сыпайы,тапсырманың айқын орындалуын талап етеді.

Уахит Мерғалиұлының өзгешелігі ұсыныстарға құлақ қойып, адамдарды тыңдай білуінде, сонымен қатар дұрыс шешім қабылдауында, ол өз істеріне жауапкершілікпен қарайды, өз пікірін қорғап, үнемі бастаған ісін аяқтайды.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін, салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді өмірлік көзқарасы үшін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Спорт мектебінде қызмет атқарған жылдар ішінде өзін ұжымында абыройлы, жауапты, білікті басшы ретінде көрсетті. Жеке тұлға ретінде Уахит Мерғалиұлы мейірімді және қайырымды, ұқыпты отағасы. Үйленген, немелері мен балаларын тәрбиелеуде.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің

№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Мекен-жайы:141200 Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қ., Мұхтар Әуезов көшесі, 62 А, телефон-факс (87187) 76-09-07

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мемлекеттік басқару органы: «Екібастұз қаласы әкімдігініңдене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Тіркеу куәлігі: 2009 жыл 25 тамыздағы№ 209-1945-16- ГП

Ашылған жылы: 1961 жыл 1 қазан

БЖСМ әкімшілігі:

Директор: Мұритов Уахит Мергалиевич

Директордың оқу ісі жөнінде орынбасары: Шалекеева Нургуль Шарапатовна

Директордың тәрбие және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы жөнінде орынбасары: Симутина Людмила Александровна

Директордың шаруашылық ісі жөнінде орынбасары: Белялова Айгуль Сунгатовна

Әдіскер:Байкин Анатолий Александрович, ҚССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Әдіскер: Зюзина Ксения Сергеевна

Шаруашылық меңгерушісі: Сарымова Айгуль Мухтархановна

Спорт ғимаратының меңгерушісі: Ильяшов Шарла Зейноллаевич

Спорт ғимаратының меңгерушісі: Байдаулетов Қасен

Спорт ғимаратының меңгерушісі: Мубараков Каирболат Туякович

Спорт ғимаратының меңгерушісі: Рахтаев Канат Камзинович

Бас бухгалтер: Макажанова Дария Избасаровна

Мемлекеттік сатып алу бойынша бухгалтер: Жуматаева Айгерим Тасболатвона

Бухгалтер: Солтанова Майя Жумашевна

Заңгер: Жунусов Жанат Аканович

Қауіпсіздік техникасы бойынша инженер: Алеева Сания Хабдуллаевна

Дәрігер: Балтекенов Баделхан Зейноллаевич

Медбике: Сулейменова Әсемгүл Зеиновна

Медбике: Великая Людмила Семеновна

Медбике: Резепкина Нина Рафаиловна

Іс жүргізуші: Тулембекова Алия Сембаевна

Спорт түрлері бойынша оқытушы-жаттықтырушылар:

«БАСКЕТБОЛ» бөлімшесі

Шумская Людмила Дмитриевна – біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Глебова Марина Николаевна - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Әбікеев Азамат Дүйсенбаевич- біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтінжаттықтырушы;

Наурызбаев Дархан Жұмагалиевич - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтінжаттықтырушы;

Камарова Кулназ Қаратаевна - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтінжат тықтырушы;

Мұстафа Нұрсұлтан Құсайынұлы - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтінжаттықтырушы;

Кабиева Бибигуль Какеновна - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтінжаттықтырушы;

Ташимов Максат Каиргельдинович- біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтінжаттықтырушы.

«ВОЛЕЙБОЛ» бөлімшесі

Жангуров Ермек Бүркутбаевич - біліктігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты оқытушы-жаттықтырушы;

Кузнецов Борис Алексеевич - біліктігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты оқытушы-жаттықтырушы;

Муритов Дәурен Уахитович - біліктігі жоғары деңгейдегі екінші санатты оқытушы-жаттықтырушы;

Бабынин Андрей Леонидович -біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Кумаров Олжас Асылболатович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Шингишев Марат Капарович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Ерахметова Айгүл Серікболовна - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Сергеев Константин Генрихович- біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушы;

Донцов Иван Андреевич- біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушы;

Есенбеков Аслан Темирболатович - біліктігі орташа деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушы.

«ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» бөлімшесі

Қанапашев Ардақ Шәріпович - тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктігі жоғары деңгейдегі екінші санатты оқытушы-жаттықтырушы;

Макенов Данияр Қабаевич- біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Шалекеева Нұргүл Шарапатовна- біліктігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушы, ұлттық дәрежедегі төреші;

Бүлкенов Қуаныш Ақошкенович - біліктігі жоғары деңгейдегі екінші санатты қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушы;

Сагинов Айбек Советұлы- біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушысы;

Сарсенов Руслан Қайриденұлы - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушысы:

Рублева Лариса Александровна - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушысы.

«ҮСТЕЛ ТЕННИСІ» бөлімшесі

Бондарь Елена Сергеевна - біліктігі жоғары деңгейдегі екінші санатты оқытушы-жаттықтырушы;

Бекбулатов ернур Маратович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Жоламанов Мұратбек Сүлейменович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушысы;

Тункинов Берик Жастлекович - біліктігі орташа деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушы:

Тасыбаев Дынмухамед Айткалыулы - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушысы.

«ТАЭКВОН-ДО /ITF/ » бөлімшесі

Шакилов Азамат Бекболатович – таэквон-додан/ITF/ Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушы-жаттықтырушы, қара белбеу иегері 5дан;

Манфагатова Дария Токтаровна - таэквон-додан/ITF/ Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктігі орташа деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушы;

Қайырбай Айсұлу - таэквон-додан/ITF/ Қазақстан Республикасының спорт шебері,біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушы.

«ФУТБОЛ » бөлімшесі

Панасенко Владимир Григорьевич – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Екібастұз қаласының құрметті азаматы, біліктігі жоғары деңгейдегі екінші санатты оқытушы-жаттықтырушы;

Скоробогатский Евгений Николаевич – біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Карзаков Юрий Алексеевич - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Ярышев Иван Сергеевич - біліктігі жоғары деңгейдегі екінші санатты оқытушы-жаттықтырушы;

СадыковМухтар Сергеевич- біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Алкенов Жанзаир Арманович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Калтаев Мадениет Каркенович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Каирбеков Ерганат Аубакирович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Мамырханов Ерик Нуржанович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Акимбеков Ержан Берикович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы;

Кенесов Даулет Нурбекович - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушы-жаттықтырушы.

«Шайбалы хоккей » бөлімшесі

Куканов Райхан Матишович – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, біліктігі жоғары деңгейдегі екінші санатты оқытушы-жаттықтырушы;

Афанасьев Евгений Вячеславович - біліктігі орташа деңгейдегі екінші санатты оқытушы-жаттықтырушы;

Коваль Вячеслав Викторович - тренер - біліктігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ қосымша жұмыс істейтін жаттықтырушысы.

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №937/10 «Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК қайта құру» туралы Қаулысы негізінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап №4 БЖСМ «Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК құрылымдық бөлшегіне көшті.

Бастапқы даярлық топтарына спорт түрлеріне байланысты келесі жас санаты бойынша қабылданады:

- үстел теннисі ( 6-8 жас);

- тоғызқұмалақ (7-9 жас);

- таэквон-до ИТФ (8-10жас);

- баскетбол (9-11жас);

- волейбол (9-11жас);

- футбол (8-10 жас);

- шайбалы хоккей (5-8 жас).

Бүгінгі күні №1 БЖСМ әртүрлі бағыттағы 7 спорт түрі бойынша қызмет етеді: баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, таэквон-до (ITF), футбол, шайбалы хоккей.

2018-2019 оқу жылында 122 топта оқушылар саны 1213, оның ішінде – 1529 адам негізгі құрам, резерв 484 адамнан тұрады.

№ 1 БЖСМ оқу-жаттықтыру сабақтары мамандандырылған оқытушы-жаттықтырушылардың қол астында өтеді. Барлығы №1 БЖСМ-де 47 оқытушы-жаттықтырушы (22 штаттық, 25 қосымша жұмыс істейтіндер). Оның ішінде: жоғары денешынықтыру білімі бар 43 адам, орта кәсіптік білімі бар 4 адам.

Санатқа ие: жоғары санатты – 3 адам,

бірінші санатты – 1 адам,

екінші санатты – 9адам.

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР

«БАСКЕТБОЛ» бөлімшесі (ұлдар, қыздар)

2005-2006 ж.т. ұлдар– БЖСМ аралық Павлодар облысы Біріншілігінің қола жүлдегерлері (2018ж.);

2001-2002 ж.т. қыздар- Павлодар облысының оқушылар Спартакиадасының чемпионадары (2017ж.), БЖСМ аралық Павлодар облысы Біріншілігінің чемпиондары (2017ж.), БЖСМ аралық Павлодар облысы Біріншілігінің күміс жүлдегерлері (2018ж.)ү

2000-2002 ж.т. ұлдар мен қыздар - 2000-2002 ж.т. балалар арасындағы балалар спортының Халықаралық фестивалінің күміс жүлдегерлері.

Үздік спортшылар:

Әбікеева Эльмира – ҚР Спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, «Ертіс» әйелдер баскетбол командасының ойыншысы, ҚР Ұлттық Лига командалары арасындағы Чемпионаттың қола жүлдегері (2017ж.), Азия кубогі қатысушысы (2017ж.), ҚР Кубогінің күміс жүлдегері (2018ж.), Азия ойындарының қатысушысы (Джакарта, Индонезия, 2018ж.),3х3 баскетболдан Әлем Кубогінің қатысушысы (Сиань қ. Китай, 2018ж.).

«ВОЛЕЙБОЛ» бөлімшесі (ұлдар, қыздар)

2000-2001 ж.т. ұлдарБЖСМ аралық Павлодар облысы Чемпионатының күміс жүлдегерлері (2017-2018 жылдар), Республикалық турнирдің қола жүлдегерлері (2017ж.Астана қ.);

2005-2006 ж.т. ұлдарБЖСМ аралық Павлодар облысы Чемпионатының қола жүлдегерлері (2018ж.);

2003-2004 ж.т. қыздар - БЖСМ аралық Павлодар облысы Чемпионатының чемпиондары (2018ж.), ҚР Жазғы Чемпионатының күміс жүлдегерлері (2018 ж. Екібастұз қ.), ҚР Қысқы Чемпионатының чемпиондары (2019 ж. Талдықорған қ.);

2005-2006 ж.т. қыздар- БЖСМ аралық Павлодар облысы Чемпионатының чемпиондары (2018ж.), ҚР Күзгі Чемпионатының күміс жүлдегерлері (2018 ж. Екібастұз қ.), ҚР Қысқы Чемпионатының чемпиондары (2019 ж.Талдықорған қ.);

Үздік спортшылар:

Арефьева Ксения –волейболдан ҚР Спорт шебері. «Иртыш-Казхром-2»Жоғарғы Лига мүшесі,сонымен қатар «Иртыш-Казхром»Ұлттық құрамасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының мүшесі. Жоғарғы Лига чемпионы (2016,2017,2018 жж.)Азия Чемпионатының қатысушысы (2017 ж. Корея)

Сыроешкина Жанна Олеговна - Мастер волейболдан ҚР Спорт шебері. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының мүшесі, «Алматиночка»Ұлттық лигасының мүшесі. 2001-2002 жж. ҚР күміс жүлдегері, 2017 жылғы Ұлттық лигасының қола жүлдегері, Азия Чемпионатының қатысушысы (2017 ж. Корея) Әлем Чемпионатының қатысушысы (2018ж. Жапония).

«ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» бөлімшесі

Файзулла Ахан– Спорт шеберіне үміткер, ҚР және Павлодар облысы құрамаларының мүшесі, IV Жастар ойындарының жекелей және командалық есепте күміс жүлдегері (2017ж.), Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 алау жағу эстафетасынның қатысушысы, ҚР ересектер арасындағы командалық Чемпионатының күміс жүлдегері (2017ж.), Халықаралық турнирдің қола жүлдегері (2018 ж., Қырғыстан), «Ұлы дала рухы» ұлттық және атты спорт түрлерінен Республикалық Фестивальдің чемпионы (2018 ж.,Астана), 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы ҚР Чемпионатының командалық есепте чемпионы (2018 ж.), Ерлер арасындағы ҚР командалық Чемпионатының қола жүлдегері (2019 ж.), халықаралық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері (2015-2018 жж).

Баилдяшева Жамиля– Спорт шеберіне үміткер, Павлодар облысының ересектер арасындағы жекелей Чемпионатының күміс жүлдегері (2018 ж.), Павлодар облысының 17 жасқа дейінгі жекелей Чемпионатының чемпионы (2018ж.), Павлодар облысының командалық Чемпионатының күміс жүлдегері (2018ж.), 15 жасқа дейінгі облыс Чемпионатының қола жүлдегері(2018ж.), 15 жасқа дейінгі ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері (2018ж.), колледж және мектеп оқушылары арасындағы ҚР Спартакиадасының күміс жүлдегері (2018ж.), 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы ҚР Чемпионатының командалық есептегі чемпионы(2018ж., Ақтау қ.)

Жумабеков Мурат, Шарапатов Асет, Асылхан Даурен, Жанбек Арыстанбек, Кайруллинова Дильназ, Баилдяшева Жамиля, Амангелді Даяна, Манапова ЗаринаСпорт шеберіне үміткерлер, облыстық және республикалық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері.

«ҮСТЕЛ ТЕННИСІ» бөлімшесі

Джумадиев Даниал – ҚР Спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, ҚР чемпионатының командалық және жұптық сынақта бірнеше дүркін жүлдегері, пара–микст, ең мықты турнирінің жекелей сынақты қола жүлдегері (2017ж.);

Қуанышев Шыңғысхан– Спорт шеберіне үміткер, ҚР Чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, ҚР чемпионатының командалық есептегі күміс жүлдегері (2015,2016 ж.), халықаралық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері (2012-2017 жж.);

Романовская Ангелина– Спорт шеберіне үміткер, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі. 2002ж.т. арасындағы ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері (2017ж.), «Алтын күз» халықаралық турнирінің қола жүлдегері (2017ж.), «Slovenia Open» халықаралық турнирінің чемпионы (2017ж.), Екатеринбург қаласындағы (Ресей) халықаралық турнирдің командалық есептегі чемпионы (2017ж.), 2001 ж.т. және кіші спортшылар арасындағы Республикалық Спартакиаданың чемпионы (2018ж.).

«ТАЭКВОН-ДО ITF» бөлімшесі

Фетисов Кирилл- ҚР Спорт шебері, ҚР құрамасының мүшесі, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы (2012ж.,Таллин, Эстония), 2011, 2012, 2013, 2015 жж. ҚР чемпионы , 2010, 2012,2015 ж. Халықаралық турнирлердің чемпионы;

Кайырбай Айсулу ҚР Спорт шебері, ҚР абсалютті чемпионы (2011-2015 жж.), ересектер арасындағы ҚР Кубогінің чемпионы (2017-2018жж.), халықаралық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері (2017-2018жж.);

Ажахметова Алтыншаш- ҚР Спорт шебері, ҚР құрамасының мүшесі, 2012ж. Жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионатының чемпионы (Душанбе, Тәжікстан), 2011,2012, 2013,2015 жж. ҚР чемпионы;

Қуатбай Данабек–ҚР Спорт шебері,ҚР құрамасының мүшесі, 2011, 2013, 2015 жж. ҚР чемпионы, 2016 ж. ҚР Кубогінің чемпионы (2016ж.,2017 ж.);

Пищенко Илья- ҚР Спорт шебері,ҚР құрамасының мүшесі, 2011-2015жж. ҚР абсолюттік чемпионы, 2014,2015жж. Халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, 2016 жылы ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері;

Септ Владимир- ҚР Спорт шебері, ҚР құрамасының мүшесі, 2016 ж. Жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионатының қола жүлдегері (Алматы, Казахстан), 2015 ж. ҚР чемпионы, 2016 ж. ҚР Кубогінің чемпионы;

Мұрзабаева Мадина– ҚР Спорт шебері,ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2012 ж. Жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионатының қола жүлдегері (Душанбе, Тәжікстан), 2011, 2012, 2014 жж. ҚР чемпионы, 2016 ж., 2017 ж. ҚР Кубогінің чемпионы, 2017 жылы ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері, ересектер арасындағы ҚР Кубогінің чемпионы (2018ж.);

Қиюбаев Әділ -ҚР Спорт шебері, Азия Чемпионатының күміс жүлдегері (Душанбе, Тәжікстан -2012 жыл), ҚР абсолюттік чемпионы, 2013-2015жж. , ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 жылы ҚР Кубогінің чемпионы,ҚР Кубогінің күміс жүлдегері (2018ж.);

Сапар Әлемхан - ҚР Спорт шебері, ҚР Чемпионатының Чемпионы (2015ж.,2016ж.,2017ж.), Азия Чемпионатының күміс жүлдегері (2016ж.), Әлем Кубогының күміс жүлдегері(2016 жыл, Минск қаласы),жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының қола жүлдегі(2018ж.),Элем Кубогінің бірінші кезеңінің күміс жүлдегері (2017ж., Минск қ.) халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері (2013-2018жж.);

Узханов Али -ҚР Спорт шебері, ҚР Чемпионатының чемпионы (2016ж., 2017 ж.), халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері (2013-2018жж.), жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері (2017ж.), жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогінің күміс жүлдегері (2017ж., Минск қ.) жастар арасындағы ҚР Кубогінің чемпионы (2018ж.), 14-15, 16-17 жастағы жасөспірімдер мен жастар арасындағы ҚР Кубогінің чемпионы (2018ж.), 16-17 ж. жастар арасындағы ҚР Чемпионатының чемпионы (2019ж.);

Мырзахан Гульжамал - «SIBIREAN OPEN» Халықаралық турнирінің «А» классының чемпионы, Новосибирск қ.), балалар мен жасөспірімдер арасындағы Халықаралық турнирдің чемпионы (2016ж.,2017ж.), «Кубок Победы» Халықаралық турнирдің чемпионы (2017ж., Қарағанды қ.), кадеттер арасындағы ҚР Чемпионатының чемпионы(2017ж., Алматы қ.), «EKIBASTUZ OPEN -2017г. Халықаралық турнирдің чемпионы, кадеттер арасындағы Әлем Кубогінің чемпионы (2017ж., Минск қ.,Беларусь), 16-17 ж. жастар арасындағы ҚР Чемпионатының чемпионы (2019ж.).

«ФУТБОЛ» бөлімшесі

2002 ж.т. ұлдар- дайындық топ командалары аралық Бірінші – Лига футбол клубтарының арасындағы ҚР Біріншілігінің күміс жүлдегерлері (2018ж.), Павлодар облысының БЖСМ аралық Чемпионатының күміс жүлдегерлері (2018ж.)

2003 ж.т. ұлдар- дайындық топ командалары аралық Бірінші – Лига футбол клубтарының арасындағы ҚР Біріншілігінің қола жүлдегерлері (2018ж.), 2001 ж.т. ұлдар арасындағы XVII Облыстық қысқы және жазғы оқушылар спартакиадасының чемпиондары (2018ж), Павлодар облысының БЖСМ аралық Чемпионатының күміс жүлдегерлері (2018ж.);

2004 ж.т. ұлдар- дайындық топ командалары аралық Бірінші – Лига футбол клубтарының арасындағы ҚР Біріншілігінің қола жүлдегерлері (2018ж.), Павлодар облысының БЖСМ аралық Чемпионатының күміс жүлдегерлері (2018ж.). Ақсу ферроқорытпа зауытының кәсіподақ комитетінің жүлдесіне арналған Халықаралық турнирдің қола жүлдегерлері (2018ж.);

2005 ж.т. ұлдар- Павлодар облысының БЖСМ аралық Чемпионатының чемпиондары (2018ж.), футболдан халықаралық турнирдің күміс жүлдегерлері (2018ж.);

2006 ж.т. ұлдар –Павлодар облысының БЖСМ аралық Чемпионатының күміс жүлдегерлері (2018ж.), 2005-2006 ж.т. ұлдар арсындағы Т.С. Сегизбаевты еске алуға арналған және Ақсу ферроқорытпа зауытының кәсіподақ комитетінің жүлдесіне арналған Халықаралық турнирлердің күміс жүлдегерлері (2018ж.), 2005 ж.т. ұлдар арасындағы футболдан ашық аймақтық турнирдің күміс жүлдегерлері (2019ж.);

Үздік спортшылар: Шомко Дмитрий– 2011-2019 ж. ҚР ұлттық құрамасының мүшесі. ҚР құрамасының құрамында 2014,2018 жылдардың Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңдерінің қатысушысы. 2014, 2018 жылдарыҚР құрамасы сапында Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің қатысушысы. Соңғы жеті жыл ішінде ҚР Чемпионатының рейтингтік кестенің үздік футболшыларына жатады.

Федин Максим– 2018 жылдан бастап ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2012/13, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18 маусымдарында U-17, U-18, U-19, U-21 Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің қатысушысы.

Есимов Руслан– 2019 жылдан бастап ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, «Иртыш» ФК құрамында Премьер – Лига футбол клубтары арасындағы ҚР Чемпионатының қола жүлдегері (2016ж.).

Аллаяров Эльвин – 2009/10, 2011/12, 2016/17маусымдарында U-17, U-18, U-19 Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде ҚР жасөпірімдер және жастар құрама командасы үшін ойнады.

Баянов Ринат -2010/11, 2011/12 маусымдарында U-17, U-18, U-19 Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде ҚР жасөпірімдер және жастар құрама командасы үшін ойнады.

Бабкин Олег- 2010/11, 2011/12 маусымдарында U-17, U-18, U-19 Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде ҚР жасөпірімдер және жастар құрама командасы үшін ойнады.

Нартбаев Ислам, Ануарбеков Нурбол, Сотник Илья,Мосин Евгений - 2018 маусымында U-21 Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Республикасының жастар құрамасы үшін ойнады.

«ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ»бөлімшесі

2003-2004 ж.т. ұлдар- БЖСМ командалары арасындағы облыс Біріншілігінің күміс жүлдегерлері, ҚР Чемпионатында «А» тобында 4-орын, 2017/18 маусымы.

2005-2006 ж.т. ұлдар- БЖСМ командалары арасындағы облыс Біріншілігінің қола жүлдегерлері, ҚР Чемпионатында «А» тобында 5-орын, 2017/18 маусымы.

СПОРТ ҒИМАРАТТАРЫ

ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

№1 БЖСМ балансында материалдық-техникалық базасы санитарлық нормаларға, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін алты ғимарат бар. Барлық үш ғимараттың терроризмге қарсы қорғалу паспорты бар.

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылдың 16 наурыздағы №243/3, 2018 жылдың 09 шілдесіндегі № 639/7, 2018 жылдың 06 қарашасындағы №1082/11, №1082/44 Мүлікті теңгерімнен теңгерімге табыстау туралы Қаулыларына сәйкес №1 БЖСМ-не 41 спорттық ғимарат берілді.

1. №1 БЖСМ №1 спорттық-сауықтыру кешені бір қабаттан тұратын қалқанды, металл құрылғыларынан жасалған ғимарат: Мұхтар Әуезов көшесі, 62А мекен-жайы бойынша орналасқан, пайдалануға берілген жылы - 1991 жыл. Оқу үрдісін ұйымдастыру үшін спорт зал, себезгі кабинасымен шешінетін бөлме, қалпына келтіру іс-шараларына арналған сауна, жергілікті желіге қосылған, жоғары жылдамдықты Интернет желісі бар қызметтік бөлмелер бар. Лицензияланған, тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған медицина кабинеті жұмыс істейді.

2. №1 БЖСМ филиалы ғимараты екі қабаттан тұратын темір бетонды ғимарат, орналасқан мекен жайы: Машһүр Жүсіп көшесі, 103А., пайданалуға берілген жылы – 1987 жыл. Қазіргі уақытта мұнда таэквон-до ИТФ және үстел теннисінен әр апта сайын оқу-жаттығу сабақтары жүргізіледі. Қимыл-қозғалысы бұзылған мүгедектерге тегін спорт зал ұсынылады. ЕКИнЕУ студенттері ақылы негізде дене шынықтыру сабақтарын жүргізеді.

3. Үстел спортының түрлері бойынша бөлімшенің ғимараты темір бетонды, кірпіштен жасалған, орналасқан мекен жайы: Мұхтар Әуезов көшесі, 21А .Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылы 29 қаңтарда №1 БЖСМ КМҚК балансына өтті, атауы №1 БЖСМ КМҚК үстел спортының түрлері бойынша бөлімшесі болып өзгертілді. Ғимаратында ағымдағы жөндеуден өтті, ПВХ терезелерін бөлшектеу және орнату жұмыстары, үстел ойындары мен қызмет бөлмелеріне жөндеу, қатты шатыр мен кіре беріске жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта шахмат және тоғызқұмалақтан 64 адамға арналған оқу-жаттығу сабақтары өткізілуде. Сабақ уақытынан тыс, халықтың барлық санаттары күндізгі және кешкі уақытта тегін үстел ойындарын ойнайды.

4. №1 БЖСМ филиалы ғимараты «Строитель» спорт залы орналасқан мекен жайы: Б.Момышұлы көшесі, 49, пайданалуға берілген жылы – 1970 жыл. Бір қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 943 м2. Өткізу қабілеттілігі күніне 400 адам. 2018 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спорт залында балаларға арналған ақысыз футболдан оқу-жаттықтыру сабақтары өтеді. Кешкі уақытта қала кәсіпорындарының ұжымдары келісімшарт негізінде спортпен айналысады.

«Строитель» спорт залы Екібастұз қаласындағы футболдың даму орталығы болып табылады. Жыл бойы спорт залда шағын футболдан халықтың барлық жас топтарына арналған жарыстар өткізіледі.

5. №1 БЖСМ филиалы ғимараты «Шахтер» стадионы орналасқан мекен жайы: Д.А. Қонаев даңғылы, 42, пайданалуға берілген жылы – 1970 жыл.«Шахтер» стадионы 6 300 орынға есептелген. Стадионның аумағында: көлемі 383,4 м2 болатын бір қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешені, мінбе астындағы үй-жайлар (шешінетін,құрал-саймандар сақтайтын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, демалу бөлмесі, әдіскерлер кабинеті), VIP-ложе бар.

2018 жылы "Шахтер"стадионында күрделі жөндеу жұмыстары барысында жаңа жарықдиодты электронды табло орнатылды, толық көлемді жасанды шөптен футбол алаңын орнату үшін футбол алаңын бөлшектеу бойынша жұмыстары басталды.

6. №1 БЖСМ филиалы ғимараты орналасқан мекен жайы:Торайғыров көшесі, 32. 2018 жылдың ақпан айында Екібастұз қаласы әкімдігі шешімімен жалпы көлемі 1500 м2 құрайтын ғимарат (бұрыңғы жедел жәрдем ғимараты) №1 БЖСМ теңгеріміне берілді, ғимарат спорттық объектіге бейімделмеген және жұмыс істемейді. Күрделі жөндеу жұмыстары туралы мәселе шешілуде. Ғимаратының жанында 2017 жылдың 10 қарашасын Екібастұз қаласы әкімінің қаулысына сәйкес №1 БЖСМ теңгеріміне көлемі 70 х 100 м2 болатын толық көлемді шөптен жасанды футбол алаңы берілді. 2018 жылдың 1 маусымында алаңның ресми ашылу рәсімі өтті, бұл қала тұрғындары үшін ең үлкен мереке болды, Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған футболдан балалар турнирі өтті.


<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31