26/05/2019  Жексенбі

Ауа райы

Наурыз 2019

30 Наурыз 2019

2018 жылғы мемлекет қызмет көрсету саласында «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы есепті қоғамдық талқылаудың ХАТТАМАСЫ

2018 жылғы мемлекет қызмет көрсету саласында

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы есепті қоғамдық талқылаудың

ХАТТАМАСЫ

 

Екібастұз қаласы           № 1            2019 жылғы 26 наурыз

 

Төрағалық еткен:бөлім басшысы –Асылбек Кабылканович Резуанов.

 

Қатысқандар:қызмет алушылар (БЖСМ директорларының орынбасарлары, әдіскерлері мен оқытушы-жаттықтырушылары), бөлімнің бас мамандары мен әдіскерлері.

Барлығы – 30 адам.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

2018 жылғы мемлекет қызмет көрсету саласында

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы

 

Баяндамашы: С.Х.Тулеубаева– бөлімнің бас маманы.

 

Есепті талқылау.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің бекітілген №139 бұйрығымен халыққа қызмет көрсету Орталығы арқылы Реестрге сәйкес «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлеттік қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет 2013 жылдан бастап көрсетіледі.

2018 жылы 951 мемлекеттік қызмет қарастырылды, оның ішінде 951 мемлекеттік қызмет көрсетілді, кері қайтарылғандар – жоқ.

2018 жылы:

-№1 БЖСМ - 139– спорттық разрядтар, біліктілік талаптары - жоқ,

-№2 БЖСМ - 179 – спорттық разрядтар, біліктілік талаптары - 19,

-№3 БЖСМ – 235– спорттық разрядтар, біліктілік талаптары - жоқ,

- №4 БЖСМ – 4 – спорттық разрядтар, біліктілік талаптары - 5,

-«Жасыбай» БЖСМ - спорттық разрядтар- 355, біліктілік талаптары- 1,

-«Кайнар» ОДК- спорттық разрядтар – 14, біліктілік талаптары - жоқ және тағы басқалары берілді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, көрсету түрі – қағаз түрінде, 30 күн.

Бөліммен тұрақты түрде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жоспар-кестеге сәйкес «Голос Экибастуза» газетінде жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламентін түсіндірумен 2018 жылғы 20 қыркүйекте №38 (3258) мақалажарияланды.

Бөлімнің электронды сайтында, интернет-ресурста, БАҚ-да мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет туралы есеп жарияланды.

2018 жылы БЖСМ директорлары және директордың орынбасарлары мен әдіскерлерінің, бөлім қызметкерлерінің қатысумен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 3 құқықтық оқыту өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2018 жылғы 22-24 қазанда бөлімнің басшысы Павлодар қаласына «Мемлекеттік қызметтің сапасын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметшілердің құзыретін арттыру (қызметті тұтынушыларды ақпараттандыру, қызметті тұтынушыға бағдарлану, күйзелге төтеп берушілік)» семинарына қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардын шағым түскен жоқ.

Қоғамдық талқылау қортындысы бойынша, ұсынылды:

- тоқсан сайын мемлекеттік қызметтің регламентін өз уақытында ресми жариялау мен бекіту, сонымен қоса олардың заңнамаға сәйкестігіне мониторинг жүргізу;

- ішкі бақылау бойынша жұмыстарды күшейту және МЭҚ бақылаудағы іс-шаралардың бекітілген жоспарларды 100% орындау, тексеру жұмыстарының актісін құрастыру тәртібін сақтау;

- 2019 жылғы 01-ші сәуірге дейін интернет-ресурста, БАҚ-да мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет туралы есепті жариялау.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

дене шынықтыру және

спорт бөлімі» ММ басшысы А. Резуанов

 

Читать далее

25 Наурыз 2019

Спорт жаңалықтары

23 наурызда  №1 БЖСМ үстел ойын түрлері бөлімінде  (шахмат клубы) «Наурыз Мейрамы - 2019»  мерекесіне орай, қалалық мәслихат депутаты С.В. Лепехиннің жүлдесіне шахматтан Жеке Біріншілік өтті.

Читать далее

Спортивные вести

23 марта в Отделений настольных видов спорта ДЮСШ №1 (шахматный клуб) прошло Личное Первенство по шахматам в честь празднования «Наурыз Мейрамы – 2019» и на призы депутата городского маслихата Лепехина С.В.

Читать далее

24 Наурыз 2019

Спорт жаңалықтары

2019 жылғы 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні орталық алаңда спорт түрлерінен мерекелік іс-шаралар өткізілді: гір спорты, қол күресі, арқан тарту.

Читать далее

23 Наурыз 2019

Спорт жаңалықтары

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ күресінен «Ұлттық Мұра» - мерекелік турнир Мәшһүр Жүсіп көшесі бойында, орталық алаңда өтті.

Читать далее

22 Наурыз 2019

Спорт жаңалықтары

Халқымыздың төл мерекесі – Наурыз Мейрамы қарсаңында №1 БЖСМ-нің спорттың үстел ойын түрлері бөлімінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ересектер арасындағы "Ұлттық Мұра" ұлттық ойын - тоғызқұмалақтан мерекелік турнир өтті.

Читать далее

18 Наурыз 2019

Спорт жаңалықтары

«Жасыбай» БЖСМ-да Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Екібастұз қаласы футбол Федерациясының ашылуына орай, қалалық Кубокка әуесқой командалар арасында футзалдан жарыс өткізілді.

Читать далее

Спортивные вести

В ДЮСШ «Жасыбай» при поддержке Отдела физической культуры и спорта акимата города Экибастуза прошли соревнования по футзалу среди любительских команд на Кубок города, посвященные открытию Федерации футбола города Экибастуза.

Читать далее

Спортивные вести

В период с 16 по 17 марта в отделений настольных видов спорт ДЮСШ №1 прошел третий этап Кубка Павлодарской области по быстрым шахматам 2019 года.

Читать далее

Спорт жаңалықтары

Наурыздың 16-17 күндері №1 БЖСМ үстел ойын түрлері бөлімінде 2019 жылғы жылдам шахматтан Павлодар облысы Кубогының үшінші кезеңі өтті.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31