19/04/2019  Жұма

Ауа райы

12 Сәуір 2019

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ның 2018 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Жылдық есебі

2015 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің бекітілген №139 бұйрығымен халыққа қызмет көрсету Орталығы арқылы мемлекеттік мекеме Реестрге сәйкес «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлеттік қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет 2013 жылдан бастап көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, көрсету – қағаз түрінде, 30 күн.

2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 951 өтініш келіп түсті, оның 951-не қызмет көрсетілді, кері қайтарылғандар жоқ:

- қаңтар - 7,

- ақпан – жоқ,

- наурыз - 7,

- сәуір – жоқ,

- мамыр – 370,

- маусым - 287,

- шілде – 253,

- тамыз – 27.

Ммемлекеттік қызмет көрсету қызметі туралы есеп бөлімнің ресми сайтында, интернет-ресурста, БАҚ ақпараттық стендта жарияланған.

Жоспар-кестеге сәйкес «Голос Экибастуза» газетінде жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламентін түсіндірумен 2018 жылғы 20 қыркүйекте №38 (3258) мақала жарияланды.

2018 жылы БЖСМ директорлары және директордың орынбасарлары мен әдіскерлерінің, бөлім қызметкерлерінің қатысумен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 3 құқықтық оқыту өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Бөлімнің мамандарымен спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қалалық БЖСМ-ның спорт түрлері бойынша оқытушы-жаттықтырушыларына, әдіскерлерге әдістемелік кеңестер күн сайын көрсетіледі.

А.ж. 26 наурызда қызмет алушылардың (БЖСМ директорларының орынбасарлары, әдіскерлері және оқытушы-жаттықтырушылары), бөлім мамандарының, әдіскерлер мен статистердің жалпы 30 адамның қамтылуымен 2018 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметі туралы» қоғамдық талқылауы өткізілді.

2018 жылғы 22-24 қазанда бөлімнің басшысы Павлодар қаласына «Мемлекеттік қызметтің сапасын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметшілердің құзыретін арттыру (қызметті тұтынушыларды ақпараттандыру, қызметті тұтынушыға бағдарлану, күйзелге төтеп берушілік)» семинарына қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардын шағым түскен жоқ.

Ай сайын «Есептер» базасына мемлекеттік қызмет бойынша мәліметтер енгізіледі.

Жұмыс аталған бағытта жалғасады және үнемі бақылауда.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30