15/12/2019  Жексенбі

Ауа райы

Спорт жаңалықтары

2019 жылдың 22 маусымында Екібастұз қалалық ипподромында ине шаншитын жер болмады.

Академик Қ.И.Сәтбаевтың 120 жылдығын мерекелеуге орай, ұлттық ат спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Ат дегенде ішкен асын жерге қоятын қазақ жұрты мерекелік бағдарлама аясында бәйгенің үш түрін тамашалады.

Бірінші – Құнан бәйге. Қашықтық көлемі – 7,5 шақырым – 3 айналым.
Екінші – Топ бәйге. Қашықтық көлемі – 12 шақырым – 5 айналым.
Үшінші – Аламан бәйге. Қашықтық көлемі – 25 шақырым – 10 айналым.

Дүбірлі додаға бақ сынау үшін Нұрсұлтан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Семей, Қызылорда, ШҚО, Атырау, Ақкөл, Жайылма және киелі Баянауыл ауданының шабандоздары жиналды.

Жалпы шабандоздардың саны 50-ден асты.

Құнан бәйге жарысында (арақашықтығы 7,5 шақырым - 3 айналым):

1. Төлеу Нұрасыл (Ақтоғай ауылы) – 400 000 теңге
2. Тоқтасын Нұрбол (Нұрсұлтан қ.) – 250 000 теңге
3. Ғалым Нұр (Алматы облысы, Ұзынағаш) – 150 000 теңге

Топ бәйге жарысында (арақашықтығы 12 шақырым-5 айналым):

1. Райымбек Жангелді (Нұрсұлтан қаласы) – 1 000 000 теңге
2. Батыров Дамир (Семей қаласы) – 500 000 теңге
3. Сергеев Роман (Ақмола қаласы) – 300 000 теңге
4. Сүнетай Нұрболат (Павлодар қаласы) – 100 000 теңге
5. Мұратбек Ержан (Қарағанды қаласы) – 50 000 теңге

Барша жиналған қауым Аламан бәйгесін асыға күтті. Аламан бәйгенің ежелгі қалыптасу мақсаты: жауынгерлік жорық кезінде жақсы аттарды таңдап алып, ұзақ жорықшабысқа іріктеу үшін ұйымдастырылған. Аламан бәйге кезінде ат үстіндегі шабандоз баланың төзімі, тақымының мықтылығы да сынға түседі.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, Аламан бәйгесінде бас жүлде – жеңіл атвокөлікті Алматылық Ғалым Нұр «Аспархан» атты жүйрігімен иеленді. 

Семейлік Асылханов Нұрасыл 500 000 теңге жүлде қорымен екінші орын, Қарағандылық Нұрсұлтан Аманжол 300 000 теңгеге иеленіп, үшінші орында орнықты.

Қала тұрғындарын ұлттық ат спортына тамсандырып, таңдай қақтырған жас шабандоздарға алғыс білдіреміз!


<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31