16/12/2017  Сенбі

Ауа райы

Аймақтарын дамыту бағдарламасы

2016-2020 жылдарға Екібастұз қаласының аймақтарын дамыту
БАҒДАРЛАМАСЫ

2011-2015 жылдарға Екібастұз қаласының аймақтарын дамыту
БАҒДАРЛАМАСЫ

Ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан

Дене шынықтыру және спорттың ағымдағы жағдайының талдауы

2011-2015 жылдарға Қазақстан Республикасында  дене шынықтыру мен спортты дамыту Салалық Бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2013-2015 жылдарға  Павлодар облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша іс-шаралар жоспары, 2011-2015 жылдарға  Павлодар облысының аймақтарын дамыту Бағдарламасы,2013 жылы Екібастұз қаласы аймағын дамыту Бағдарламасы бойынша республикалық, облыстық және қалалық деңгейде 56000 адам қамтылып, 131 спорттық акциялар өткізілді. Олар, волейбол бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты және жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты,  әйелдер және еркін күрестен Республикалық турнир, жасөспірімдер арасында бокс бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты, бадминтон бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты, шайбалы хоккейден Республикалық турнир және т.б. Сол үшін барлық қажетті шаралар жасалады. 

2013 жылы инфраструктураны дамыту бойынша қалада бюджет қаржысы есебінен және әр түрлі саладағы меншіктік  кәсіпорындардың  қатысуымен   7   спорттық     ғимараттар салынды  (2010-2013 жылдары кезеңінде барлығы 4 жылда  25 спорттық ғимараттар салынды).

«Богатырь Көмір» ЖШС-і (Щукин В.К.), «Промсервис Отан» (Дручинин С.В.), «Вершина» (Абгужинов Т.С.), «Б.Нұржанов атындағы Екібастұздық МАЭС-1» (Свамбаев Т.Р.), «Шығыс кеніші» (Привалов В.В.)  - кәсіпорындары аталған бағытта белсенді қатысты.

2011 жылы «Промсервис Отан» ЖШС-і алғаш рет жылдық жасанды мұздан жаттығу хоккей алаңын салды, осы жылы кешен – қосымша киім ілгішпен, келушілерге орындармен, кафе-бармен толықтырылды.

Кәсіпорын өз қаржысымен «Промсервис Отан» Қоғамдық клубын ұстайды, оған 6 хоккей командасы кіреді (4 балалар және 2 үлкендер). Спорттық инвентарь кешені, спортшыларға іссапар және тамақтануға кәсіпорынның қаржысынан төленеді.

Демалыс күндері күніне 500 адамнан аса келушілердің қатысуымен «Промсервис Отан» ЖШС-і  мұзды сырғанақ белсенді қолданылады.

Мұнда хоккей ардагерлері, жасөспірімдер, балалар арасында шайбалы хоккейден Қазақстан Біріншіліктері мен Чемпионаттары өткізіледі.

Т.С. Абгужинов бірнеше жылдар ішінде толық бокс Орталығын қамтиды (Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі Жастар орталығы) бокс бойынша республикалық жарыстарды өткізуге демеушілік көмек көрсетеді, спортшыларды шет елдерге спорт түрлері бойынша (бокс, таеквондо және т.б.) іссапарға жібереді.

2013 жылдың бірінші жарты жартысында «Снежинка» таулы-сырғанау базасы эксплуатациядан өтті, мұнда 300 метр ұзындығымен арқан жолы жабдықталды. Шаңғы трассасы үшін 500 метрге дейін әртүрлі қашықтықта тау беткейі таңдап алынды.

2013 жылы  «Вершина» ЖШС-ның қаражат есебінен «Екібастұз» теннис орталығы салынды, мұнда 15 жаңа жұмыс орын құрылды. Үлкен теннис бойынша 25 үлкен, 135 кәмелетке толмағандар, балалар мен жеткіншектердің қамтылуымен 20 спорттық секциялар (топтар) ұйымдастырылды, жаттығу залдары жұмыс істейді.

2013 жылы «Өнер»  қалалық мәдениет орталығында спорттық-сауықтыру  кешені құрылды. Аталған нысанның мазмұны («Гамма», «Вершина» ЖШС-і) қаражат есебінен жүзеге асты.

2013 жылы «Үміт» балалар үйінің ауласында «Шығыс» кеніші кәсіпорынының қаражат есебінен салынған жасанды шағын-футбол алаңы орналасқан.

Сонымен қоса, №26 жалпы білім беретін қазақ мектебінің стадионында жасанды футбол алаңының құрылысына қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржы бөлінді.

2013 жылы ауылдық спорттық ғимараттар инфраструктурасын дамыту мақсатында, Солнечный мен Шідерті кенттерінде  жасанды футбол алаңдарын орнатуға облыстық бюджет қаражаты есебінен 16,5 млн.теңге бөлінді.

Азаматтардың қысқы демалысын ұйымдастыру үшін, қаланық ауылдық жерлерінде және шағын айдандарда 25 сырғанақ құйылды (12 – ауылда) және12 хоккей қорабы (2-ауылда) .

2011 жылы бюджет қаражаты есебінен қалалық «Шахтер» демалыс және мәдениет саябағында хоккей қорабы салынды, мұнда коньки мен шаңғыларды жалға беру жұмыстары ұйымдастырылған.

Дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында  тұрғылықты орны бойынша 13  ауылдық округ және қалалық 6 шағын аудандардың спорт бойынша инструкторлар жұмысы ұйымдастырылды. Олардың жұмыстары аула клубтарымен және мектептермен тығыз ынтымақтастық арқылы жүргізіледі.

Дене шынықтыру-сауықтыру жәнеспорттық жұмыстарытұрғылықты мекен-жайы бойынша 20 балалар-жасөспірімдер және балалар дене шынықтыру-спорттық жеткіншектер клубтарында 20 секция ұйымдастырылған.

Жыл сайын спорт түрлері бойынша  аудандар  мен қала арасындағы облыстық спартакиадаға 250-дей адамдар қатысады. Қала мен ауыл аймақтарында жүргізілген қорытынды іріктеу этапында  2 500-ден аса адам белсенді ат салысты.

Оқу орындары арасында 13 спорт түрлері бойынша  қалалық кешенді спартакиада өткізіледі, 3000-нан аса еңбек ұжымдарының қамтылуымен 25 қалалық кәсіпорындармен әр түрлі формадағы мекемелердің қатысуымен, 13 спорт түрлерінен халықтық, олимпийадалық және дәстүрлі 3 жұмыстық Спартакиада өткізілді,  сонымен бірге спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді, жеке Чемпионаттар, Кубтар, қала Турнирлары мен Біріншіліктері, қатысушылардың жалпы саны 50 000 адамға өсті, соның ішінде ауылды жерлерде 8 500.

Көру, есту мүшелері, қимыл-тірек аппараттары зақымданған 248-ден аса  мүгедек жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тартылған, ол осы санаттағылардың жалпы есебінен 6,9 пайызды құрайды. «Өмір» РТО-ның бірге жарыстар өткізіліп, облыстық жарыстарға іссапарларға жіберу ұйымдастырылады.

Дәл осы категорияға БЖСМ-да үстел теннисі, дойбы, мини-футбол, хауыз бойынша оқу-жаттықтыру сабақтары тегін ұйымдастырылады. Жарыстар өткізіледі, облыс жарыстарына қатысу үшін іссапарлар ұйымдастырылған.

Мүгедектер арасында спортты дамыту бойынша 300 мың теңге соммасында әлеуметтік тапсырыс қызмет атқарады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  және  спортта қосымша білімді дамытуда қалада материалдық-техникалық базамен, спорттық инвентарьмен жабдықталған 21-ден аса спорт түрлері бойынша 512 спорттық секцияларда 5268 тәрбиеленушілер қамтылған Павлодар облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 5 балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс істейді.

Сағат 8.00-ден 19.00-ге дейінгі уақытта  7 жастан 18 жасқа дейінгі БЖСМ-ның тәрбиленушілеріне тегін оқыту-жаттықтыру сабақтары жүргізіледі.

Қаланың құрама командасы жыл ішіндеоблыстық Чемпионаттар мен Біріншіліктерге қатысты: еркін күрестен, бокстан, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, қысқы және жазғы Президенттік көржарыс, дзюдо, футбол, тоғызқұмалақ, бокстан, дзюдодан, еркін күрестен, таеквон-до, Президенттік көпжарыс және т.б. спорт түрлерінен республикалық жарыстарға  қатысты.

Балалар мен жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тартуға дене шынықтыру-сауықтыру және жаппай спорттық жұмыстардан басқа, спорттық мекемелердің негізгі бөлігі және тапсырмасы  қабілетті балалар мен жасөспірімдерді республикалық, облыстық, қалалық құрамаға тарту және  әр түрлі масштабтағы жарыстарға қатыстыру болып табылады.

 Қалада «Екібастұз» футбол клубы, шынайы айкидо клубы, таеквондо клубы, А.Сергеев атындағы спортық клубы, шахмат жағымпаздары, үстел теннисі және т.б. кәсіби спорттық клубтар құрылып және қызмет атқарады.

2013 жылы 56000 адамның қамтылуымен 131 спорттық іс-шаралар өткізілді, бұл мақсатқа қалалық бюджет қаражаты есебінен 6664,0 мың теңге игерілді, 900 спортшыларды облыстық спорттық жарыстарға  іссапарға жіберу үшін 6200,0 мың теңге жіберілді және игерілді.

2013 жылы дене шынықтыру және спортты дамытудағы мемлекеттік бағдарламасы іс-шаралар жоспарын іске асырудың мақсатты көрсеткіштерге қолжеткізуге әрекет етті: спорт секцияларында, БЖСМ және әр түрлі формадағы меншіктерде оқу ұжымдарында және кәсіпорындарда және басқа қоғамдық бірлестіктерде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 41 654 адамды құрайды, немесе  тұрғындардың жалпы санының 28 % спортқа тартылғанын көрсетеді. Ауылдық жерлерде спортпен айналысушылар 25,2 пайызды құрайды.

Тұрғындардың дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға баулу бөлімінде аймақтық  дамыту Бағдарламасын іске асыру бойынша мақсатқа жету бағытталған жұмысы жалғастырылады. 

Дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары 2013 жылы толық орындалды, игеру 99,9 пайызды құрады.


<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31