15/12/2019  Жексенбі

Ауа райы

Спорт жаңалықтары

А.ж. желтоқсанның 01-нен 04-не дейінгі аралығында Щучье қаласында өткен паралимпиадалық шаңғы спорты түрінен Қазақстан Республикасының Кубогында Екібастұздық Сара Прокофьева 2 алтын медальмен оралды. 20-29 жастағы қарсыластарына шаң қаптырған Сара жарыстың Чемпионы атанды.

Спорт жаңалықтары

А.ж. 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған №1 БЖСМ үстел ойын түрлері бөлімінде тұрғындар арасында ұлттық ойын тоғызқұмалақтан жеке Біріншілік өтті.

Спорт жаңалықтары

А.ж. қарашаның 30-нан желтоқсанның 01-і аралығында"Жасыбай" БЖСМ спорт залында Баян Батырды еске алуға арналған қазақ күресінен Республикалық турнир өтті. Жарысқа республикамыздың түкпір-түкпірінен 350-ден аса жасөспірімдер қатысты.

Спорт жаңалықтары

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні №1 БЖСМ үстел ойын түрлері бөлімінде тұрғындар арасында дойбыдан жеке Біріншілік өтті.

Спорт жаңалықтары

А.ж. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні "Жасыбай" БЖСМ бассейнінде тұрғындар арасында жүзуден жеке Біріншілік өтті. Мерекелік көңіл-күймен басталған іс-шараға қала тұрғындары белсене қатысты.

Спорт жаңалықтары

А.ж. қарашаның 29-нан желтоқсанның 01-не дейінгі аралығында №1БЖСМ спорт залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ерлер командасы арасында баскетболдан аймақаралық турнир өтті. Турнирге 6 команда қатысты: Павлодар, Ертіс ауданы, Май ауданы, Екібастұз (2), Баянауыл .

Спорт жаңалықтары

А.ж. қарашаның 21-24 аралығында Қарағанды қаласында Пенчак силат бойынша алғашқы ел чемпионаты өтті. Жарыстың ашылу салтанатына ҚР-ның спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, ҚР-ғы Индонезия елінің елшісі Рахмат Прамоно және ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Талғат Қалиев сынды кадірменді меймандар арнайы келіп құрмет көрсетті. Жалпы республика чемпионатына 10 аймақтан 300-ге жуық спортшылар қатысты. Үш жас ерекшеліктері бойынша үздіктер анықталды.Екібастұздық спортшылар 60-65 келі салмақта Ерлан Ильясов, 65-70 келіде Ризабек Хамитов алтын медальға, 60-65 келіде Нурмухамбет Адуов және 55-60 келіде Бауыржан Коканов күміс медальға және 30 келіде Суфиан Голуб пен 50-55 келіде Мұзафар Ілияс қола медальға ие болды. Ендігі мақсат желтоқсан айының соңында Қытай елінде өтетін азия чемпионатына қатысып жүлдемен оралу. Спортшыларымызға сәттілік және жеңіс тілейміз!

Спорт жаңалықтары

Ағымдағы жылғы қарашаның 14-нен 19-на дейінгі аралықта Ресейдің Горно-Алтайск қаласында «Алтын Алтай» тоғызқұмалақтан Халықаралық турнирі өтті. Аталған турнирге Ресейден, Киргизиядан, Моңғолиядан және Қазақстаннан командалар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 80 адамды құрады.

Спорт жаңалықтары

А.ж. 17 қарашада Павлодар қаласында  гір көтеру спортынан Павлодар облысының Кубогы өтті. Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:


<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31